«Ауған ардагерлеріне тағзым»

14.02.2024
Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 14 ақпан күні Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына арналған «Ауған ардагерлеріне тағзым» атты жерлесіміз, жауынгер интернационалист Назаров Оралбай Әбішұлымен кездесу кеші өткізілді. Іс-шараға ауыл тұрғындары, О.Әлібаев мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Мақсаты: Өскелең жас ұрпаққа Ауған соғысы жайлы толық мағлұмат беру, ардагер ағамен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.