«Ауған – отты жалын»

14.02.2025
Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында 14 ақпан күні Ауған соғысының аяқталғанына 36 жыл толуына орай «Ауған – отты жалын» атты патриоттық сағат өткізілді. Іс-шараға Талдыбұлақ ЖББ мектебінің 4-5 сынып оқушылары белсенді қатысты. Шара Мәдениет үйімен бірлесіп ұйымдастырылғандықтан, мәдениет үйінің қызметкері Мейрамова Арай тақырыпқа талдау жасап, өз ойын ортаға салды. Сондай-ақ, Талдыбұлақ ауылдық кітапханашысы Асанбаева А. кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Мақсаты: Ауған соғысының тарихи маңызын ашып, оқушыларға түсіндіру, тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету.