«Ауған соғысының от жалыны»
14.02.2022
14 ақпан күні Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына арналған «Ауған соғысының от жалыны» атты ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кешке аудан соғысының ардагерлері Накипов Бек Далбайұлы мен Бекетаев Абушахман Маметайұлы ағаларымыз келіп қатысты. Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларамызды 1 минут үнсіздікпен еске алынып, өмір мен өлім белдескен қанды шайқастың қиындығы мен жүрекке салған жарасы жайлы сөз қозғады. С.Сейфуллин атындағы ОКЖ әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Қылышбекқызы ардагерлерімізге жылы лебізін білдіріп, ауған соғысы жайлы тың деректерімен бөлісті. Кездесу кешінінде С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ 6 (а) сынып оқуышалары мен сынып жетекшісі Келбет Бүркітбайқызы қатысып, оқушылар әннен шашу шашып, ардагерлерге арнау өлеңдерін арнады. Әуелеткен әндер, әсерлі әңгімелер жанды тебірентіп, сонау жылдардағы отты майданмен қатар, айнымас дос таба білген ардагерлердің әңгімелері оқушылардың естерінде көпке дейін сақталары сөзсіз. Қатысушы қонақтар мен оқушыларға Кеңес әскерлерінің майдан даласындағы ерен ерліктері жайлы бейнебаян көрсетіліп, кітапханашыс Әсем Құрақбайқызы ауған соғысы жайлы жазылған кітаптармен таныстырып, фотосуреттердің тарихын баяндады. Кеш соңында балалар кітапханасының меңгерушісі Айгерім Сейілханқызы елдің көсегесін көгертуге ат салысып жүрген ардагер жауынгерлерімізге алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті. Ардагер жауынгерлердің әңгімесінен әсерленіп шыққан оқушылардың көзінен ерекше ұшқын да байқалды. Бұл – ұйымастырылған шараның мақсаты орындалды деген сөз. Жауынгер сөзі жас буынның санасына ой салды, жүрегіне жетті деген ойдамыз. Басты мақсат та сол еді!Аман жүріңіздер, жауынгер ағалар! Ауған соғысының ардагерлері! Кеуделеріңіздегі орден-медальдар ерлік пен батылдықтың белгісіндей, жас ұрпаққа қоңырау болып, сыңғырлап тұра берсін!