«Ауғанстан ақиқаты»

12.02.2020

12 ақпан күні «Коворкинг» орталығында Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, «Жаңаарқа жастары» еріктілер лигасының қатысуымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері - Орынбасаров Сәкен, Бекетаев Әбу Шахмат, Тынысбаев Ермек шақырылды. Кездесу кеші Ауған жерінде интернациональдық парызын өтеу барысында ерлікпен қаза болған батырларды бир минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Шара барысында «Ауғанның асуында от кешкендер» атты слайд көрсетіліп, «Ауғанстан ақиқаты» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сөз кезегінде Ауғанстан соғысына қатысқан ардагерлер соғыста кездескен қиыншылықтарына қысқаша тоқталып, еліміздің жас ұрпағын алдыңғы ағалар жолының ерлік шежіресін айта отырып, оларды отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеуге шақырды. Бекенова Ажар, Нұриден Арайлым, Құрақбай Мирас Ауған соғысына арналған өлең-жырларын жатқа оқып, әнші ағаларымыз Сыздықов Жалын мен Қызыров Балтабай әуелеген әндерімен қонақтарды тәнті етті. Әскери тақырыпта ауған соғысынан көрініс ойнатылды.
Өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне ризашылығымызды білдіріп, кездесуден естелік ретінде кішігірім сыйлық тарту етілді.