«Ауғанстан және тәжік ардагерлеріне тағзым»

12.02.2025

Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 12 ақпан күні «Ауғанстан және тәжік ардагерлеріне тағзым» атты кездесу кеші өтті. Іс-шара ауған-тәжік шекарасында қызмет еткен және қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында ұйымдастырылды. Кештің құрметті қонақтары ретінде интернационалист жауынгерлер – Ауған соғысының ардагері Назаров Оралбай Әбішұлы мен Тәжік соғысының ардагері Сүйіндіков Ақылбек Махмұтұлы шақырылды. Шара барысында ауған-тәжік соғысы жайлы мәлімет беріліп, майдангер ағаларымызбен сұхбат жүргізілді. Қатысушылар ардагерлерге сұрақтар қойып, олардың естеліктерін тыңдады. Кеш қонақтары келешек ұрпаққа ақыл-кеңестерін айтып, болашақтарының жарқын болуын тіледі. Сондай-ақ, «Ауғанстан ардагерлеріне тағзым» атты көрме ұйымдастырылды. Тарих пәнінің ұстазы Қиғамбекова Макила апай соғыс туралы маңызды мәліметтермен бөлісті. Іс-шара барысында жауынгерлерге арналған әндер шырқалып, биші қыздарымыз мың бұрала би биледі. Күмбірлеген күй шертіліп, көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Мақсаты: Ардагерлердің ерліктерін еске алу, олардың жауынгерлік жолдарын бағалау, қазіргі ұрпаққа батырлықтарын таныту.