«Ауғаныстан –жүректегі жара» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші

14.02.2022

 2022 жылдың 14-ақпан күні С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханасында Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай «Ауғаныстан –жүректегі жара» атты Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Кездесудің мақсаты - Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, олардың ерліктерін еске алу. Бүгінгі күні арамызда осынау алапат ойранға қатысып келген жерлестерімізде аз емес. Ауған жерінде интернациональдық парызын өтеу барысында қайтыс болған Жаңаарқалық Владимир Трутьконың ерлігі үшін 1 минут үнсіздікпен қонақтарымыз еске алды. Оқушылар ауған ардагерлерімен сұхбаттасып, өздерінің көкей кесті сұрақтарын қойып біраз мағлұматтар алды. Кеш барысында жерлес ардагерлеріміз туралы слайд  көрсетіліп, «Ауғаныстан ақиқаты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ардагерлер оқушыларға патриоттық сезімнің әрқашан болуын, елімізде ешқашан соғыс болмауын, жастардың Отанды қорғау парызы екендігін есте шығармауын тілге тиек етті. Мәдениет үйінің әншісі Қызыров Балтабай, Жәкешова Әсем әннен шашу шашып, қонақтардың ықыласына бөленді. Бүгін өзімізбен бірге арқа елінің көсегесін  көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп құрметтеу біздің борышымыз.