"Ауылыма кітап" акциясы

11.10.2021

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның бастамасымен басталған "Ауылыма кітап" акциясы аясында институт өкілі Бекзат Құрманқызы Жаңаарқа кентінің Байдалы би, Ш.Ералиев, Ақтүбек ауылдық округі үлгілі кітапханаларына 200-ге жуық кітап тапсырды.

Аталған акцияны Жаңаарқа ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Ф.Мұқажанов, С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі КММ директоры м.а. Г.А. Жақыпова, Кітап толықтыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі А.М.Жаншораева, Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Н.А. Ибраева, кітапханашы Ж.Ж.Акимова, бағдарламалаушы А.М.Ағымова және де Байдалы би ауылдық округінің әкімі Қалжанов Бауыржан, Байдалы би ауылдық үлігілі кітапханасының кітапханашылары С.К.Кеншімова, А.Ботбаева қолдады.

Акцияның мақсаты - ауыл мектептерінің кітапхана қорын толықтырып, оқу мәдениетін дамыту арқылы өскелең ұрпақтың, атап айтқанда шалғай елді мекендердегі ұрпақтың жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларын қалыптастыру.

Еске сала кетейік, кітап жинау және ауылдық кітапханаларға жеткізу бойынша іс-шара 2021 жылғы 16 тамыздан бастап өткізіліп келеді. Шара «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының «Отбасы институтын зерттеу» орталығы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ -пен бірлесіп @cisc_official өткізіледі. #ҚҚДИ #КИОР #Руханижаңғыру #киорсемья2021 #kiorotbasy2021 #Ауылымакітап2021