«Ауырмаудың жолын іздеу баршамыз үшін маңызды»
17.04.2024
Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 17 сәуір күні «Денсаулық» қызығушылық клубы аясында. «Ауырмаудың жолын іздеу баршамыз үшін маңызды» атты ақпаратты сағат ұйымдастырылды. Ақпарат сағатымызды «Денсаулық» қызығушылық клубының мүшесі Бидайық ЖББ мектебінің медбикесі Ж.Туребаева жүргізді. Іс-шара барысында медбике «Ауырмаудың жолын іздеу баршамыз үшін маңызды» атты ақпаратымен бөлісіп, әртүрлі қызықты деректер ұсынды. Бұл іс-шараға Бидайық ЖББ мектебінің 10-сынып оқушылары қатысып, денсаулық туралы сұрақтарын қойып жауаптар алды. Мақсаты: Оқырмандарға салауатты өмір салтын ұстануда спортпен қатар тазалықты сақтаудың да рөлі айрықша екендігін жеткізу.