«Азаттық аңсаған азамат»

02.05.2025
2 мамыр күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың туғанына 95 жыл толуына орай «Азаттық аңсаған азамат» атты әңгіме сағаты өткізілді. Әдебиет әлемінде шоқтығы биік шығармаларымен танылған Әнуар Әлімжанов – қазақ прозасына өзіндік қолтаңбасын қалдырған талантты қаламгер. Жастайынан ата-анасынан айырылғанына қарамастан, әдебиетке деген сүйіспеншілігі оны үлкен шығармашылық жолға жетеледі. Ол шағын әңгімелерден бастап, күрделі тарихи романдарға дейін жазып, оқырман жүрегінен орын тапқан тұлға. Шара барысында 5-сынып оқушылары жазушының өмір жолы мен шығармашылығымен танысып, өз білімдерін ортаға салды. Кітапханашы қатысушыларға арнап ұйымдастырылған кітап көрмесін таныстырып, жазушының еңбектеріне библиографиялық шолу жасады. Мақсаты: Оқушыларға Әнуар Әлімжановтың өмірі мен шығармашылық мұрасын таныстырып, отансүйгіштік пен рухани құндылықтарға баулу.