«Бал бөбегім балғыным»

27.05.2025

27 мамыр күні М. Жұмажанов ауылдық кітапханасында 1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай «Бал бөбегім балғыным» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы Иманбекова Арайлым Болатқызы балғын оқырмандарды кітаптармен таныстырды. Оқырмандар кітапханадан алған ертегілерін бір-біріне айтып, тартысты әрі көтеріңкі көңіл күйде болды. Сергіту сәтінде кітапханашы Кайырова Динара Амангелдіқызы «Бар мейіріміміз балаларға» атты викториналық сұрақ-жауап ойынын өткізді. Мақсаты: Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала – елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы.