«Бала деген бір бақыт»

01.06.2025

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ш.Ералиев ауылдық кітапханасы мен Мәдениет үйі бірлесе мәдениет үйінде «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты мерекелік кеш өтті. Кітапханада «Бала деген бір бақыт» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған шолу жасалды. Мерекелік кеш барысында балаларға түрлі қызықты ойындар ойнатылып, сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. «Бақытты балалық шақ» тақырыбында балалар сурет салып, өз қиялдарын бейнелеуге мүмкіндік алды. Кеш соңында балаларға балмұздақ таратылып, барлығы қуанышты көңіл күймен тарқасты. Мақсаты:Балалардың өнерге, белсенділікке деген қызығушылығын арттыру, ойын-сауық, өлең айту мен би билеу арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.