«Балалар – біздің болашағымыз»

01.06.2024
Түгіскен ауылдық кітапханасында 3 маусым күні 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалар – біздің болашағымыз» атты сурет байқауы өтті. Мақсаты: Оқырман балалардың шығармашылық қабілетін дамыту. Еліне, жеріне деген құрмет сезімдерін арттыру. Сурет байқауына 6-13 жас аралығында 7 оқырман қатыстырылды. Байқау барысында оқырмандарымыз Отанымыздың әсем, көрікті жерлерін ғимараттарын бейнеледі. Аймырза Аиша мен Бақытжанқызы Ақниет арнайы алғыс хатпен марапатталды. Балалардың көңілін көтеру үшін «Тәттіні тасымалдау», «Бір, екі, үш-ұста» ойындарын ойнатылып, мерекелік көңіл күйге бөленді.