«Балалар – біздің болашағымыз»

30.05.2025

30 мамыр күні Түгіскен ауылдық кітапханасында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Балалар – біздің болашағымыз» тақырыбында сурет салу байқауы өтті. Іс-шарада балалар саябақта бормен сурет салып, күй тартып өнерлерін көрсетті. Кітапханашылар қызықты кітаптар көрмесін ұйымдастырып, шолу жасады. Байқау соңында қатысушыларға балмұздақ пен тәттілер таратылды. Мақсаты:Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту және елге, жерге деген құрмет сезімін қалыптастыру.