«Балалар жылы» аясында өткен «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты облыстық библиокеш
22.04.2022
22 сәуір күні Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасы сағат «Балалар жылы» аясында Б.Отыншы атындағы аудандық саябақта «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты облыстық фестиваль болып өтті. Саябақтың жазғы сахна алаңында фестивальдің салтанатты ашылуы болып, кейін Жаңаарқа ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Медет Файзрахманұлы фестиваль қатысушыларына ақ тілегін білдіріп құттықтауын жеткізді. Жаңаарқа аудандық «Аманат» партиясының төраға-хатшысы Өмірзақ Бекмұратұлы ұйымдастырылып жатқан облыстық фестивальдің мәні мен мазмұны зор екенін, балаларды оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында өткізіліп жатқан іс-шараға сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Кешке ауданымыздағы инклюзивті оқыту орталығының оқушылары шақырылып, Жаңаарқа ауданының Мәслихат депутаты Бағдат Шәкәрбайқызы, Жаңаарқа аудандық «Аманат» партиясы, «Жастар ресурстық орталығы», «С.Сейфуллин атындағы ОКЖ» қызметкерлері сыйлықтар табыс етті.
Б.Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасы фестивальге балалар кітапханасы 10 алаң құрды. Келген қатысушылар мен қонақтарды аниматорлар күтіп алып үнпарақтар таратып, алаңдарға бөліп тұрды.
«Саялы өлке сазды өлке Жаңаарқа» атты алаңда С.Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану музейі Жаңаарқа ауданы «Ақтау» бекінісінен табылған көне жәдігерлер мен қызықты экспонттардан көрме құрылып, тарихы баяндалды. Демалыс аймағы алаңында кітапхана қорындағы смарт кітаптар, 3Д кітаптар мен түрлі –түсті элюстрацияланған қазақ ертегілері, арт бояу кітапшалары «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты кітап көрмесі қойылып фотозона жасалынды. «Қыш құмыра жасау» алаңында аудандық оқушыларға қосымша білім беретін инновациялық «Оқушылар үйінің» «Қыш құмыра жасау» үйірмесі оқушысы Ерасыл Дарханұлы мен жетекшісі Берген Боранбайұлы құмыра жасаудың жолы мен әдістерін көрсетіп, таныстырылымын жасады. «Алтын ғасыр» алаңында ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалған ұлан-ғайыр атыраптың өткені мен кеткеніне көз жүгіртетін қазақтың салт-дәстүрлері мен өнегелі өмірі жайлы сұрақтар қойылды. «Ретро музыка» алаңында сонау 80-90 жылдарға сапар шегіп, сол жылдардың әндері шырқалды.Уақыттың бұл кезеңі белгілі бір стилімен ерекшеленген, рэп, панк-рок, стильдерімен киінген оқушылар «Әуенді тап» ойынын ойнатты. «Өнер әлем» алаңында жас кәсіпкер Зарина Жандаркееваның сурет мектебінің ұстаздары бейнелеу өнері мен тігін тігіуден шеберлік сағаттарын көрсетті. Шығармашылық орталықтың жұмыстарынан көрме құрылып, жаңадан ашылған орталықтың таныстырылымы болды. «Әдебиет бағы» алаңында қазақ әдебиетінің маңдай алды шығармалары мен қарымды қаламгерлер жайлы ойындар ойнатылды. Фестиваль аумағында түймедақ гүлінен бақ жасалынып, гүлдің күлтесіне жасырылған сұрақтарға жауап берілді. «Кітапханалық бульвар» алаңында қызықты логикалық ойындар мен боулинг, кім жылдам ойындары, жүгірме, секіртпе ойындар ұйымдастырылды. Балаларға арналған кеште жеке кәсіпкер Саян Рамазанұлы балаларға тегін поп-корн мен тәттілер таратты. «Демалыс саябақтары және стадионды басқару мекемесі» келген оқушылар мен қатысушыларға тегін роликтер мен самокаттар беріп балалардың қуанышын еселеді. «Сәт» сауда орталығында ашылған ойын алаңының иесі, кәсіпкер Нұрболат Тайтөлеуұлы кішкентай оқырмандарымызға ойын алаңына тегін сертификат табыс етті.
Іс-шараға Жаңаарқа ауданы Мәслихатының депутаты Бағдат Шәкәрбайқызы, «Жаңаарқа ауданын мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі», «Жастар ресурстық орталығы», «С.Сейфуллин атындағы ОКЖ» демеушілік етіп, қолдау білдірді. Кеш соңында іс-шараға белсене ат салысқан қатысушылар мен а