«Балалардың сүйікті жазушысы»

09.11.2023
9 қараша Қызылжар кенті үлгілі кітапханасында Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалардың сүйікті жазушысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге шолу жасалды. Ақынның өлеңдерін 3 сынып оқушылары мәнерлеп оқыды. Мақсаты: Оқырмандарды жазушының өмірбаяны және шығармаларымен таныстырып және кітап оқуға тәрбиелеу.