«Балауса балғын балалық шақ»

01.06.2021

Түгіскен ауылдық кітапханасында 1 маусым күні сағат 10.00 де 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ауылдық саябақта «Балауса балғын балалық шақ» атты балалар оқырман тобына арналған кітап көрмесі өткізілді. Оқырман балаларға 2021 жыл «Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау» жылы жайлы мағлұмат беріліп, кітапханадағы балалар кітабымен таныстырылып, кітапханашы Ақпейіл Алмасқызы арнайы дайындалған кітап көрмесіне шолу жасады. Кітапханашы Назгүл Жахаева кітап көрмесін қорытындылау үшін арнайы дайындалған кітап қоржыннан балаларға сұрақтар қойды. Оқырмандар белсенділік танытып сұрақтарға қатесіз жауап берді. Өз кезегінде 3-5 сыныптарының тұрақты оқырман балалар өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.