«Балдәурен» лагерінің балаларына экскурсия өткізілді.

20.06.2025

20 маусым күні Қызылжар кентінің үлгілі кітапханасына Қызылжар ЖББМ-нің жазғы демалыс «Балдәурен» лагерінің балалары келіп, кітапханамен танысу мақсатында экскурсия жасады. Іс-шара барысында Оразақын Асқардың туғанына 100 жыл толуына орай оқырмандарға ақын туралы ақпарат беріліп, викториналық сұрақтар қойылды. Мақсаты: оқырмандарды ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.