«Балуандар баптаған спорт саңылағы»

02.02.2022

       С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 2 ақпан күні жерлесіміз, спорт саңылағы Ғ.Жарылғаповтың туғанына 80 жыл толуына орай «Балуандар баптаған спорт саңылағы» атты кітап көрмесі мен тәрбие сағаты өтті. Шарада кітапханашы М.Искакова кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, өмірі мен шығармашылығы, марапаттары, отбасы, спортта жеткен жетістіктері туралы әңгімелеп берді. Мақсаты: бос уақытты тиімді өткізудің ерекшелігі мен Қазақстанның даңқты спортшылары мен спорттағы жетістіктері туралы білімдерін толықтыру.