«Бейбітшілік – ел мекені»

30.04.2024

      Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 30 сәуір күні  1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бейбітшілік – ел мекені» атты мерекелік кеш өткізіліп, кітапханада «Татулық - бірлік тұтқасы » атты кітап көрмесі  құрылып, библиографиялық шолу жасалды. Мерекелік кешті Әнұранмен бастап,  ауылымыздың зейнеткерлері жылы лебізін білдірді.  Әр түрлі оқырмандар тобымен  «Тапқыр достар» ойыны ұйымдастырылды. Ынтымақ, бірлік, достық болып үш топқа бөлініп, мақал- мәтелдер айтып жарысты. Ауыл көркем өнерпаздары әннен шашу шашып, «Еркем – ай »  би тобының қыздары мың бұралып би билеп, «Көңіл ашар» үйірмесінің күйшісі Жақсылық Бүркіт «Адай » күйін орындады.  Кеш соңында оқырмандарға  кітапханашы Жөкенова Арайлы кітап көрмесіне шолу жасады.  Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.