«Бейбітшілік – ел тілегі»

01.05.2025

         1 мамыр күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бейбітшілік – ел тілегі» атты мерекелік кеш өткізілді. 1 мамыр – еліміздегі сан түрлі ұлт пен ұлыстың татулығын, достығы мен бірлігін бейнелейтін айтулы мереке. Бұл мереке Тұңғыш Президентіміздің 1996 жылғы Жарлығына сәйкес 16 жылдан астам уақыттан бері тұрақты түрде аталып келеді. Бүгінде жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстан үшін бұл күннің маңызы ерекше. Іс-шараға 5-сынып оқушылары белсене қатысып, әр ұлттың киімдерін киіп, өнерлерін ортаға салды. Файзрахман Айша бейбітшілік туралы жүрекжарды өлең шумақтарын оқыса, Еренғайып Аққұндыз бен Оразғали Айғаным да өздері жаттаған өлеңдерін мәнерлеп жеткізді. Сонымен қатар, Мәдениет үйінің сахнасында әр ұлттың ұлттық билері биленіп, мерекенің сәнін арттырды.Мақсаты:Оқушыларды ынтымаққа, достыққа, өз Отанын сүюге және оны қорғауға тәрбиелеу, ел ішіндегі бейбітшілік пен келісімнің қадірін ұғындыру.