Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына арналған «Арыстардың ақыры» атты портрет кеші өткізілді
20.11.2019
20 қараша күні ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі де бірегейі – Бейімбет Майлиннің 125 жылдық мерейтойына арналған «Арыстардың ақыры» атты портрет кеші өткізілді.
Қазақтың үш бәйтерегі атанған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин сынды аяулы азаматтарымыз бір жылы туып, бір жылы өмірден өтті. Қатар туған жұлдыздар шын мәнінде ұлт руханиятының асқарына айналды. Биыл осы үш бәйтеректің туғанына 125 жыл толып отыр. Іс – шарамызға аудандық жастар орталығының ерікті жастары қатысты.
Жазушының өмірдерегі мен шығармашылығына арналған бейнебаян көрсетіліп, жазушының тауқыметті өміржолынан мәлімет беретін арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ауданымыздың мәдениет үйінің әншілері – Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, әнші Сыздықов Жалын және Қызыров Балтабай әуелеген қара домбырамен әсем әндерін шырқады. С.Сейфуллин атындағы ЖОББМ 10 –сынып оқушысы Балагазина Ділнәз жазушының «Шұғаның белгісі» атты әңгімесінен үзінді оқып, оқырман қауымды ерекше ықыласқа бөледі. Іс –шара барысында қызықты ойындар ойнатылып, барша оқырмандар ризашылықтарын білдіріп тарқасты.