«Белес» атты кітабын тарту етті
30.03.2022
Жазушылар одағының мүшесі, табиғат жыршысы, ата қоныстан тапжылмай ауыл адамдарының арманы мен мұңын, сағынышын, махаббатын әңгімелерін арқау етіп жүрген. Ауылдық мектепте жиырма жыл ұстаздық қызмет атқарған. «Жаңаарқа», «Ақадыр таңы», «Заман» газеттерінде журналистика шеберлігін шыңдаған, жерлес қаламгер Өмір Кәріпұлы кітапханамыздың өлкетану бөліміне өзінің «Белес» атты кітабын тарту етті. Құрметті жазушы Өмір – аға кітапхана қорына құнды жазбаларын сыйлап, өлке әдебиеті қорына үлкен үлесін қосқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. Қаламыңыз ұшталып, әлі де талай мұра қалдыратыңызға сенеміз.