«Бәрі де Ана бір өзіңнен басталады!»
05.03.2024
2024 жылдың 5 - наурыз күні «С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 8- наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Бәрі де Ана бір өзіңнен басталады!» атты мерекелік кеш өткізілді. Шараның мақсаты: Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнін атап өту, оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Іс- шара С.Сейфуллин атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры міндетін атқарушы Жақыпова Гүлмайра Ағылақызы құттықтау сөзімен бастау алып, концерттік бағдарламаға ұласып, кітап көрмесі безендірілді.
Мерекелік кеш келген әрбір адамның жүре¬гіндегі анаға деген махаббаты мен құрметін артты¬рып, бір сәтке болса да аналарын қуанту үшін әлемнің асылын сыйлауға асықтырғаны анық. Мерекелік кеште Өнер мектебінің «Айкөркем» би ансамблі мың бұралған билерімен ортаға шықса, әсем әнімен Жакишева Әсем ана туралы керемет әнін арнады. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Ана» монологын О.Жұмабеков атындағы тірек мектебінің 1 - сынып оқушысы Нұрлан Медина мәнерлеп нақышына келтіріп оқыды. Халқымыздың ұмыт бола бастаған салт- дәстүрі, әдет- ғұрпы, жеті ата жолы, ұлттық киімі, әшекей бұйымдарымен, мұражайда сақталған қазақ халқының жәдігерлерімен С.Сейфуллин атындағы Жаңаарқа аудандық тарихи – өлкетану музейінің әдіскері Рымбекова Ақерке насихаттаса, аудандық күміс - оймақ және қолөнер мектебінің бас ұстазы Кабиева Оксана Измуханқызы шәкірттерімен бірге ұлттық нақышта тігілген ұлттық киімдерді және ұлттық әшекей – бұйымдарды таныстырды.
Көктемнің алғашқы мерекесі аруларға, аналарға ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады.