«Бір ел – бір кітап»

28.01.2025
Қараағаш ауылдық үлгілі кітапханасында 28 қаңтар күні «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында таңдалып алынған жазушы, прозашы Тәкен Әлімқұлов пен қазақ ақыны Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын насихаттау мақсатында тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне авторлардың өмірбаяны мен шығармалары қойылды. Кітап көрмесіне келуші оқырмандарға таныстырылым жасалып отырды. Мақсаты: қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік және рухани дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ана тіліне деген құрметті арттыру