«Бір шаңырақ астында»

30.04.2025

30 сәуір күні Ақтүбек ауылдық үлгілі кітапханасында 1 мамыр – Бірлік пен ынтымақ күніне орай «Бір шаңырақ астында» атты тақырыптық сағат өткізілді. Шараға 1-сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында көп ұлтты мемлекет ретінде Қазақстан халқының бірлігі, ұлттар арасындағы достық пен өзара түсіністік насихатталды. Балаларға татулықтың, бірліктің маңызы мен Отанға деген сүйіспеншілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: 1 Мамыр – Халықаралық ынтымақ күніне орай ұйымдастырылған «Бір шаңырақ астында» атты ақпараттық-танымдық сағат арқылы балаларды ынтымаққа, достыққа және отансүйгіштікке тәрбиелеу.