«Бірлігі бекем жасампаз ел!»

01.05.2025

1 мамыр күні Түгіскен ауылдық кітапханасында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлігі бекем жасампаз ел!» тақырыбында оқырмандар арасында сурет байқауы ұйымдастырылды.Мақсаты:Оқырмандардың бойында Отанға, халыққа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, патриоттық рухты нығайту және Қазақстандағы ұлттар бірлігін дәріптеу. Байқау барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы библиографиялық шолу жасады. Сурет салған оқырмандар өз туындыларын таныстырып, шығармашылықтарын көрсетіп, байқауға белсене қатысты. Іс-шараға қатысушылар Түгіскен ауылдық округінің әкімі Саят Сәлкебаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды.