«Бірлігіміз жарасқан»

01.05.2024

1 мамыр күні Қараағаш ауылдық үлгілі кітапханасында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында ауылымыздың өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші өтті. Ауылымыздың өзге ұлт өкілі, жас келіні Феруза қадірлі қонағы ретінде шақырылып, сұхбат жүргізілді. Ынталы ЖББ мектебінің 10 сынып оқушылары сынып жетекшілері Сопақова Гүлнұрмен қатысты. Бірлік күніне оқырмандарға мақал – мәтел жасырылды. Кеш соңында «Ақ көгершін» хоры шырқалды.