«Бірлік – бақыттың кілті»

30.04.2025

30 сәуір күні Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бірлік – бақыттың кілті» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Шара барысында балалар әртүрлі ұлттардың ұлттық киімдерін киіп, ұлттық билерді орындап, бірлік пен татулықтың маңызын сахналық қойылымдар арқылы көрсетті. Іс-шараға Байдалы би негізгі мектебінің 6-сынып оқушылары белсене қатысты. Мереке аясында «Қазақстан – қарашаңырағым», «Мәңгілік Қазақстан» атты кітаптар топтастырылған көрме ұйымдастырылып, оқушылар әр ұлттың салт-дәстүрімен танысты. Сонымен қатар, көрмеге фото суреттер қойылып, тақырыпты кеңірек аша түсті. Мақсаты:Оқушыларды достыққа, ынтымаққа, түрлі ұлт өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеу, ел бірлігінің қадірін ұғындыру болды.