«Біз бақытты баламыз!»

01.06.2025

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Қызылжар кентінің үлгілі кітапханасы мәдениет қызметкерлерімен бірлесе отырып, Мәдениет үйінде «Біз бақытты баламыз!» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырды. Кешке 5–8 жас аралығындағы жас бүлдіршіндер қатысып, қызықты кітаптармен және кітап көрмесімен танысты. Шара барысында әндер айтылып, жұмбақтар жасырылды, балалар би билеп, көтеріңкі көңіл күйде болды. Мақсаты:Балалардың балалық шағын бақытты әрі мәнді өткізуіне ықпал ету, оларды елінің білімді де тәрбиелі азаматы болып өсуге баулу.