«Біз салауаттылықты қолдаймыз»

28.03.2024
Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 28 наурыз күні салауатты өмір сүру салтын қолдау мақсатында «Біз салауаттылықты қолдаймыз» эстафеталық ойындар ұйымдастырылды. Іс-шараға Бидайық ЖББ мектебінің 4-6 сынып оқушылары белсене қатысты. Ойын барысында оқушылардың жылдамдығын анықтауға арналған әртүрлі жарыс ойындары өткізілді. Мақсаты: Балаларды салауатты өмір сүре білуге шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.