«Болашаққа үміт, жастарға сенім»

19.11.2024

         Түгіскен ауылдық кітапханасында қараша айының – 19 күні Бүкіләлемдік жастар күнін қолдау аясында  «Болашаққа үміт, жастарға сенім» тақырыбында пікір талас өткізілді. Мақсаты:Еліміздің «Жастар саясаты» бағдарламасын түсіндіру, жастарға жасалып жатқан игі бағдарламалармен таныстыру, өзектілігі мен жастарға тиімділігін талқылау. Қатысушы жасөспірімдер 2 топқа бөлініп, мемлекеттік қолдау шараларының тиімді және алда тағы қандай шаралар қолданатынын талқылап, өз ойларын ашық ұсынды.