«Болмысы бөлек ақын – Сайлаухан Нәкенов»

20.06.2025
20 маусым күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жерлес жазушы, ақын Сайлаухан Нәкеновтің туғанына 85 жыл толуына орай «Болмысы бөлек ақын – Сайлаухан Нәкенов» атты жыл бойына арналған тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Жыры биік – ақын» атты тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға мектебіміздің 4-сынып оқушылары мен мәдениет үйінің жас маманы Мейрам Арай қатысып, ақын жайлы бай мағлұматтармен танысты. Мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға кеңінен дәріптеу.