«Бүгінгі заманның ертегісі» байқауының марапаттау кеші
04.03.2022
2 наурыз күні Б. Өтешов атындағы үлгілі балалар кітапханасында «Балалар жылы» аясында Жаңаарқа ауданы Аналар кеңесімен бірге "Бүгінгі заманның ертегісі" атты шығармалары байқауының жеңімпаздарын анықтау мақсатында әділқазы алқаларының отырыс болып өтті. 1 айға жалғасқан аудандық ертегі жазу шығармалар байқауына жалпы саны 43 жұмыс келіп түсті. Әділқазы алқасының мүшелері аудандық ардагерлер үйінің төреалқасы, зейнеткер ақын Амантай Нығатайұлы, "Жаңаарқа" газетінің бас редактор Салтанат Аманқызы, білім бөлімінің мектепке дейінгі және бастауыш сыныптарының әдіскері Күлшат Мукыжановна мен мәдениет үйінің балалар және жасөспірімдер бөлімінің меңгерушісі Айман Айтжанқызы және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Жібек Оралқызы төре алқалық етті.
4 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы аудандық кітапханада «Бүгінгі заманның ертегісі» атты шығармалар байқауының салтанатты түрде марапаттау кеші болып өтті. Байқаудың мақсаты баланың бойындағы бұғып жатқан бұла қасиетті танып, жас жазушылардың шығармаларынан шынайы сезім лебі мен өзіндік айтар ойы бар ерекше туындыларды жарыққа шығару .болатын
Ішкі саясат бөлімінің басшысы Жалғасбек Жәнібекұлы «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылып жатқан іс-шараға сәттілік тілеп, алда келе жатқан 8-наурыз Аналар күнімен құттықтап, байқау қатысушыларына шығармашылық шабыт тіледі. Талантты балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған байқауда 7-9 жас ерекшелігі мен 10- 13 жас ерекшелігі арасында бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орын иегерлерін арнайы құрылған әділқазы алқалары Жалғасбек Жәнібекұлы мен Айман Айтжанқызы, Кулшат Мукыжанқызы және Жібек Оралқызы бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етті. Байқауымыздың ен кішкентай қатысушыларына Жаңаарқа ауданының Аналар кеңесінің төрайымы Сәулеғаным Ернарқызы Жанат Аяған, Мұрат Аяла мен Төлеухан Ерасылдарға естелік сыйлықтар тарту етті. Кеш шымылдығын «Балдырған» балабақшасының биші қыздары ашып берді. «Балауса» балабақшасының бүлдіршіндері «Бүгінгі заманның зиянды заттары» жайлы әдемі ертегі көрінісін сахналады. Ертегіде балаларды зиянды тағамдардың зардабы жайлы тамаша түсіндіре білді. «Ертөстік» балабақшасының «Аспаптар» оркестрі кештің әрін кіргізіп, мазмұнын байытты. «Акерке» «Дәрия» балабақшаларының өнерпаз өрендері кешті әнмен әрлеп, тамылжына ән шырқады. « Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушілері «Қазақстаным» әнімен әуелетті. Байқау соңында С.Сейфуллин атындағы ОКЖ директорының міндетін атқарушы Гүлмайра Ағлақызы ақ жарма ақ тілегін білдіріп, бүгінгі іс-шараға белсене ат салысқан мектепке дейінгі мекемелерге алғыс хаттарын табыс етті. Өскелең ұрпақты ынталандырып, жас өркеннің қиялына қанат біттіретін бұл байқау әлі де жалғасын табады.