«Дені сау ұрпақ–жарқын болашақ»
24.03.2022
29 наурыз күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 24 наурыз Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай «Дені сау ұрпақ–жарқын болашақ» атты денсаулық сағаты ұйымдастырылды. Кітапханашылар мектепке барып, балаларға әртүрлі жаттығулар жасатып, кітапханашы Г.Акатова туберкулез ауру туралы, одан қалай сақтану керек, ол адамға қалай жұғатыны туралы айтып, түсіндірме сабақтарын жүргізді. Мақсаты: туберкулездің денсаулыққа, қоғамға және экономикаға зиянды әсері туралы мәлімет беру.