«Дені саудың – тәні сау»

11.08.2023

              11 тамыз Байдалы би ауылдық үлгілі кітапханасының кітапханашылардың ұйымдастыруымен ауылдық емхананың медбикелері Жұмадильдина Алтыншаш пен Қуанышбекова Айгерімнің қатысуымен «Дені саудың – тәні сау» атты денсаулық сағаты өтті. Шара барысында оқырмандарға денсаулықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын  айтып түсіндірме жұмыс жасады. Шараның мақсаты: жас ұрпаққа денсаулық туралы, салауатты өмір салты қағидалары туралы түсінік беру.