"Денсаулық күніне"

08.04.2025
8 сәуір күні, 7 сәуір – "Денсаулық күніне" орай, С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасы мен Ынтымақ ЖББМ мектебінде 4-5-6 сынып оқушыларымен спорттық ойындар ұйымдастырылды. Ойындар арасында теннис, тоғызқұмалақ, шахмат және асық ату сияқты ұлттық ойындар өткізіліп, оқушылар белсенді қатысып, денсаулықты сақтау мен салауатты өмір салты туралы түсініктерін тереңдетті. Сонымен қатар, шара барысында олардың бойында адамгершілік және игі қасиеттер қалыптасты. Шараның мақсаты: барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу, салауатты өмір салтын насихаттау.