«Денсаулық – зор байлық»

15.05.2025
15 мамыр күні Қызылжар кентінің үлгілі кітапханасында «Денсаулық – зор байлық» атты денсаулық сағаты өтті. Іс-шараға 3-сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында кітапханашылар балаларға денсаулықтың адам өміріндегі маңызы жайлы түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстанудың негізгі қағидаларымен таныстырды. «Адам денсаулығы – қоғам байлығы» деген ұстанымды негізге ала отырып, қатысушыларға дені сау адамның өмірге деген көзқарасы, еңбекке қабілеттілігі және көңіл күйінің жоғары болуы туралы ақпарат берілді. Балаларға өз денсаулығын сақтау жолдары – дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы, дене шынықтыру және зиянды әрекеттерден аулақ болу керектігі кеңінен айтылды. Мақсаты:Оқырмандарға денсаулықтың адам өміріндегі маңызын ұғындыру, салауатты өмір салтын насихаттау және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.