«Дәуір дауылпазы»

18.04.2024
18 сәуір Айнабұлақ ауылдық кітапханасында ақын, жазушы, қазақ әдебиетінің көшбасшы қайраткері, жерлесіміз Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай «Дәуір дауылпазы» атты кітап көрмесі әзірленіп, өлеңдері оқылды. Шара барысында ақынның фото-суреттерінен слайд көрсетілді. Мақсаты: оқушыларды жерлес ақынымыздың шығармашылығымен таныстырып, өлеңдері арқылы халқына, жеріне, тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.