«Домбыра – асыл мұра »

01.07.2024
1 шілде Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – асыл мұра » атты танымдық сағат ұйымдыстырылды.Танымдық сағатымызды мәдениет үйінің меңгерушісі Кизиров Б. өзінің құттықтауы мен және ән –шашуымен бастады. Домбыраның шығу тарихы таныстырылды. Мақсаты: Оқырмандарға домбыраның шығу тарихымен таныстыру, рухани азық беру. Ұлттық аспаптарды ұмытпай ұлықтап, ұлтын сүйетін ұлтжанды болуға шақыру.