« Домбыра дастан »

01.07.2024

      Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында 1 шілде-Ұлттық домбыра күніне орай  « Домбыра дастан » атты О.Әлібаев мектебінің оқушылары мен музыка пәнінің мұғалімі, домбыра үйірмесінің жетекшісінің  қатысуымен  тәрбие сағаты өткізілді. Оқырмандарға домбыраның тарихы жайында мағлұмат берілді. Ауылымыздың  «Дәстүрлі домбыра» үйірмесінің жетекшісі әуелете  ән салып, «Күй үйірмесі» мүшелері күмбірлете күй шертті. Мақсаты: Оқушыларды халық музыкасын, мәдениеті мен өнерін түсініп,бойына сіңіре білуге дағдыландыру.