«Домбыра дастан»

01.07.2025

1 шілде күні Ш.Ералиев ауылдық Мәдениет үйінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра дастан» атты күй сайысы өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандарға домбыраның тарихы туралы мағлұмат берілді. Ауылымыздағы «Күй үйірмесінің» мүшелері күмбірлете күй шертті. Мақсаты: Оқушыларды халық музыкасын, ұлттық мәдениет пен өнерді түсінуге, оны құрметтеп, бойына сіңіре білуге тәрбиелеу.