«Дос құшағын жайғанда»

18.03.2025

18 наурыз күні Қараағаш ауылдық үлгілі кітапханасының кітапханашылары Имантусупова Жаңагүл мен Нұржан Наурызгүлдің ұйымдастыруымен, Ынталы ЖББ мектебінің кітапханашысы Гүлназ Бақтыбаеваның қатысуымен мектеп кітапханасында қазақ ақыны Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Дос құшағын жайғанда» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға мектептің 8-сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Нұржан Наурызгүл ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндады. Сондай-ақ ақынның еңбектері қойылған арнайы кітап сөресі ұйымдастырылып, шығармалары жеке-жеке таныстырылды. Оқушылармен сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, олардың ақын шығармашылығына қызығушылығы артты. Кеш соңында оқушы Қылыш Кәусар Т.Молдағалиевтің «Ана» өлеңін мәнерлеп оқыды. Мақсаты:Оқырмандарды ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оның өлеңдерін насихаттау.