«Достығымыз жарасқан»

30.04.2025
30 сәуір күні Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Достығымыз жарасқан» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Шараға Бидайық жалпы білім беретін мектебінің 4-сынып оқушылары белсене қатысып, 1 мамыр – халықтар бірлігі мерекесіне арналған өлең-жырларын нақышына келтіре орындады. Мерекелік кеш барысында «Бұл не зат?», «Кім тапқыр?» атты танымдық ойындар ойнатылып, оқушылардың бірлік пен достық туралы білімдері мен ой-өрістері кеңейтілді. Шара соңында кітапханашы Ақшолақова Нүргүл қатысушыларға арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесі бойынша библиографиялық шолу жасап, елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен озық дәстүрлері жайлы мазмұнды әдебиеттермен таныстырды. Балаларды осы кітаптарды оқуға шақырды. Мақсаты:Қазақстанның сан түрлі ұлтқа алтын бесік болып отырғанын ұғындыру, оқушылардың бойында патриоттық сезімді, достық пен ынтымаққа деген құрметті ояту болды.