«Әділ төре – Кетбұқа би»

18.06.2025
18 маусым күні Түгіскен ауылдық кітапханасында Аталық Кетбұқа бидің туғанына 840 жыл толуына орай «Әділ төре – Кетбұқа би» тақырыбында тарихи сағат өткізілді. Іс-шара барысында «Кетбұқадай билерден кеңес сұрар күн қайда?!» деген жолдарды негізге ала отырып, тарихи тұлғаның өмір сүрген заманы, шығу тегі, халық ауыз әдебиетіне қосқан үлесі мен күйлері туралы кеңінен мағлұмат берілді. Мақсаты: Кетбұқа бабамыздың халқымыздың қалыптасу жолындағы тарихи рөліне шолу жасап, оның бітім-болмысын оқырмандарға таныту және насихаттау.