«Егемен елім менің»

20.10.2022
20 қазан күні Ш.Ералиев ауылдық кітапханасында «Егемен елім менің» атты дивертисмент кеші өткізілді. Кешті кітапханашылар Г.Ахметбекова мен А.Жокенова жүргізді. Кішкентай бүлдіршіндер «Қазақстаным Отаным» атты әнді хормен шырқап, «Еркем-ай» би тобының бишілері мен ауыл өнерпаздары әннен шашу шашты.