"Әйел сұлулығының шексіздігі"

06.03.2023

6 наурыз күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай "Әйел сұлулығының шексіздігі" атты музыкалық кеш өткізілді. Іс- шараға келген қонақтарымыз осындай мерекелі күні өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді. Кеш барысында осы мерекенің тарихынан бастау алып, бүгінгі күнгі әйелдер қауымының қоғамдағы рөлі мен алатын орны жайлы әдебиеттерден кітап көрмесі ұйымдастырылды. Концерттік бағдарлама көңілді әзілдер мен әсем әндер шырқалып, мың бұралған бишілердің биімен жалғасты. Қонақтарымызға сыйлықтар табысталып, риза болып тарқасты.