«Әке – асқар тау, биік шың»

16.06.2025
16 маусым күні Талдыбұлақ ауылдық кітапханасында Халықаралық әкелер күніне орай «Әке – асқар тау, биік шың» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі, оның отбасындағы жауапкершілігі мен қамқорлығы жайлы мазмұнды әңгіме өрбіді. Қатысушылар түрлі өмірлік мысалдар келтіре отырып, әкелердің бала тәрбиесіне қосар үлесі жөнінде өз ойларын ортаға салды. Шараға ауылдың ата-аналары қатысып, белсенді пікір алмасуға атсалысты.
«Әке – әркімге асқар тау, ана – өмір сыйлап, нәр берер бұлақ, бала – жағасындағы балауса құрақ» деген терең мағынасы бар нақыл сөз дөңгелек үстелдің мазмұнын аша түсті. Әрбір әкенің арманы – ұрпағының өсіп-жетіліп, шыңға жетуі, елдің ертеңіне айналуы. Мақсаты: бала тәрбиесінде әкенің рөлін айқындау, отбасындағы жауапкершілігі мен қамқорлығы жайлы түсінік беру, ата-аналар арасында отбасы құндылықтарын дәріптеу.