«Әке – отбасының тірегі»

11.06.2025

11 маусым күні С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасында 16 маусым — Халықаралық әкелер күніне орай «Әке – отбасының тірегі» атты әңгіме сағаты өтті. Іс-шара барысында әкенің отбасы алдындағы жауапкершілігі, бала тәрбиесіндегі рөлі мен үлгі-өнегесі жайлы мазмұнды әңгімелер қозғалды. Қатысушылар әке мен бала арасындағы сыйластық, өзара түсіністік, тәрбиенің маңызы туралы ойларымен бөлісті. Мақсаты: Әкенің бала тәрбиесіндегі орнын ұғындыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу, әкеге деген құрмет пен сыйластықты арттыру.