«Экология – ел тағдыры»

26.01.2023
Түгіскен ауылдық кітапханасында 26-қаңтар күні «Экология – ел тағдыры» атты эко-ақпарат сағаты өтті. Жабайы жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер, құстар туралы заманауи кітаптар мен балаларға арналған энциклопедиялар таныстырылды. Оқушылар топқа бөлініп, табиғат жайлы мақал-мәтелдер айтып жарысып, сұрақтар қойып пікір алмасты. Мақсаты: Жасөспірімдер мен балаларды табиғаттың сұлулығын, әсемдігін көре білуге, оны аялауға, қорғауға баулу.Экология жайлы жазылған шығармалармен таныстыру, туған табиғатты , Жер-Ананы көздің қарашығындай сақтап, қастерлеп қадірлеуге тәрбиелеу, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.