"Ел бірлігі - ең асыл қасиет"

30.04.2024
30 сәуір күні Бидайық ауылдық үлгілі кітапханасында 1 мамыр - Қазақстан халық бірлігі күніне орай "Ел бірлігі - ең асыл қасиет" атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Мерекелік кешімізге арнайы Бидайық ЖББ мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Ә.Тусупова және 5-сынып оқушылары белсене қатысты. Оқушылар 1- мамыр, бірлік туралы өлең - жырларын нақышына келтіре орындады. Шара соңында кітапханашы көрмедегі біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық дәстүрлері, мәдениеті туралы әртүрлі кітаптарға библиографиялық шолу жасап, кітаптарды оқуға шақырды. Мақсаты: Қазақстан басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Патриоттық сезімдерін ояту.